Еуроаймақ елдері Грекияға көмек жоспарын нақтылады

Жексенбі, сәуірдің 11-күні Брюссельде өткен еуро аймағындағы 16 мемлекеттің қаржы министрлері алқасының шұғыл отырысында, қатысушылар Грекияға көмек берудің жоспарын нақтылады.

«Еуро аймақ мемлекеттері Грекияға 30 миллиард еуро несие бөлуге өздерінің әзір екендігін қуаттады. Бұл қаражаттар қажетіне қарай ұсынылады және еуропалық орталық банк арқылы өтеді. Несие мөлшерлемесі 5% деңгейінде», - деді Еуропалық топтың төрағасы, Люксенбург премьер-министрі Жан-Клод Юнкер.