Германия қорғаныс министрі Ауғанстанға барды

Германия қорғаныс министрі Карл-Теодор Гуттенберг сәрсенбі күні Ауғанстанға барды. Осыдан екі апта бұрын бұл елдегі бүлікшілер үш неміс сарбазын өлтірген болатын.

Гуттенберг Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазар-и-Шарифта Германия күштерімен кездесіп, Кундуз қаласына аттанды.

2002 жылдан бері Ауғанстанда қаза тапқан неміс жауынгерлерінің саны 39-ға жетті.