Бразилияда БРИК елдерінің саммиті басталды

Бүгін, әлемдегі экономикасы қарқынды дамып келе жатқан төрт мемлекет - Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай (БРИК) жетекшілерінің, Бразилия астанасында екі күндік саммиті өз жұмысын бастайды.

Сарапшылар, осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған басқосуда, ғаламдық экономикада аталған елдердің маңыздылығы сөз болады деп отыр.