Бәкиевтің інісі мен ұлына қарсы қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанның Бас прокуратурасы экс-президент Құрманбек Бәкиевтің ұлына қарсы қылмыстық іс қозғады.

Прокуратураның мәліметі бойынша, өзінің қызмет құзырын пайдалана отырып, заңсыз табыс алу үшін Бәкиевтің ұлы Ресей берген несие-қаржының 35 миллион долларын туыстарының бірнеше коммерциялық банктегі депозиттеріне салыпты.

Өткен күні Жалалабадта тұтқындалған Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі Бішкекте 7 сәуірдегі халық толқуы кезінде 80-нен астам адамның қаза болуына байланысты Бақыт Қалиев пен экс-президенттің бауыры Жаныш Бәкиевке қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Ал дүйсенбі күні Қырғызстанда жалпы халықтың талқысына жаңа Конституцияның жобасы ұсынылуы мүмкін. Жобада елге мемлекеттік биліктің парламенттік формасын орнату қарастырылғанға ұқсайды.