Қырғыз уақытша үкіметі бұрынғы билікке қарсы қылмыстық іс ашты

Қырғызстанның уақытша үкіметінің жетекшілері биліктен кетірілген президент Құрманбек Бакиевтің кезінде жасалған қылмыстық істерге қатысты тергеуді бастады.

Уақытша үкіметтің қауіпсіздік істер жөніндегі вице-премьері Әзімбек Бекназаров сенбі күні мәлімдегенінде, бұрынғы билік кезінде жасалған қылмыстық істер оның ішінде сыбайлас жемқорлық, непотизм, журналистер мен саясаткерлердің өліміне қатысты 200 қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Бекназаровтың айтуынша, Бакиевтің одақтастары мен отбасы мүшелері атап айтқанда бұрынғы президенттің бауыры, президенттік күзеттің басшысы болған Жаныбек Бакиевті қамауға алу жөнінде нұсқау берілді. Қазақстаннан пана тапқан Бакиев өзіне немесе жақтастарына тағылған айыптардан бас тартады.