Пәкістанда президенттің билігі шектелді

Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари мемлекет басшысының билігін шектеу туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, президент парламентті тарату мен елдің премьер-министрін қызметінен алу құқынан айырылады.

Конституцияға енгізілген өзгерістер демократияның дамуындағы маңызды қадам деп сипатталып отыр.