АҚШ әскери күштері Гаитиде маусым айына дейін болады

АҚШ-тың әскери күштері Гаитидегі көмек көрсету міндетін үстіміздегі жылдың маусым айында тәмәмдайды. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Гаитиге АҚШ-тың 22 мың әскерилері барған еді. Қазір аралда 2 мыңға жуық әскерилер қалды.

Американдық ресми өкілдердің хабарлауынша, Гаитидегі қауіпсіздік жағдайы жақсарып келеді.

Қаңтар айында болған жер сілкінісінен 3 мыңнан аса адам қаза тапты.