Ресей Украинаға газды арзандатуға келісті

Ресей Украинаға газ импорты бағасын 30 пайызға қысқартуға келісті. Бұл туралы сәрсенбі күні Ресей мен Украина президенттерінің келіссөздерінен кейін мәлім болды. Екі ел басшылары сондай-ақ Украинаның Севастополь портындағы Ресейдің әскери-теңіз базасының жалдау мерзімін 25 жылға созу туралы келісімге қол қойды.