Назарбаев Кореяда Құрметті ғылым докторы атағын алды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Корея университетінің Құрметті ғылым докторы атағына ие болды деп хабарлады Ақорда.

Оңтүстік Кореяға сапары барында Назарбаев Корея университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

21 сәуірде Назарбаев пен Оңтүстік Корея презиленті Ли Мён Бак Кореядағы Қазақстан жылын салтанатты түрде ашты.