Қырғыз үкіметі "Манас" мәселесін кейін шешпек

Қырғызстандағы АҚШ әскери базасына қатысты мәселенің шешілуі кейнге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы елдің уақытша үкіметі хабарлап отыр.

"Манас" базасы АҚШ-тың Ауғанстандағы операциялары үшін маңызды деп есептеледі. Президент Құрманбек Бакиев биліктен қуылғалы бері бұл базадан аттанатын рейстердің саны азайды. Премьер-министрдің орынбасары Омурбек Текебаевтың айтуынша, "Манасқа" қатысты кез келген шешім қазан айындағы сайлаулардан кейін шешілмек.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Вашингтон бұл базаны пайдалануына кепілдік алған.