Иран мен Зимбабве президенттері Батыс елдерін айыптады

Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың Зимбабвеге сапары жалғасып жатыр. Жұма күні ол сауда жәрмеңкесін ашты.

Бейсенбі күні Ахмадинежад пен Зимбабве президенті Роберт Мугабе Батыс елдерін Теһран мен Харареге "заңсыз және әділетсіз санкцияларды" енгізуді көздейді деп айыптады.

Премьер-министр Морган Цвангирайдың Демократиялық өзгеріс үшін қозғалысы Ахмадинежадтың сапарына наразылық танытты.