Филиппинде 6,9 балдық жер сілкінісі болды

6,9 балдық жер сілкінісінің ошағы Филиппиндегі Батан аралының солтүстік-шығысынан 270 шақырымда тіркелген. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте болған. Қаза болғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Жер асты дүмпулері Тайванның оңтүстік- шығысында да сезілген.