Йемен астанасында жарылыс болды

Йемен астанасы – Сана қаласында, осы елдегі Ұлыбритания елшісі Тим Торлоттың көлігі маңында жарылыс болды. Елші аман қалғанымен, бір адам қайтыс болды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, қаза тапқан азамат дипломатиялық миссияның қызметкері емес.