Назарбаев Қырғызстанның саяси күштерін елде тұрақтылық орнатуға шақырды

Бүгін Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық медиа форумның ашылу рәсімінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстанның саяси күштерін елде бейбітшілік, тұрақтылық және тәртіп орнатуға шақырды.

Ол сондай-ақ, Қазақстан ЕҚЫҰ төраға ретінде «Қырғызстанның дағдарыстан мүмкіндігінше тез шығуына белсенді түрде атсалысатындығын» атап өтті.

Н.Назарбаевтың пайымдауынша, Қырғызстанда болған жағдай революция емес.

«Ол революция емес. Ол қарақшылық. Революция деп тек - 1917 жылы капитализм социализммен ауысу кезінде болған, Қазан төңкерісін айтуға болады. Қазақстанда да, социализмнен капитализмге көшіп жатқанда революция болды деп те айтуға болады» - деді президент.