Уақытша үкімет: Бакиевке адам өлтірді деген айып тағылды

Қырғызстанның уақытша үкіметінің хабарлауынша, биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевке жаппай адам өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылған. Кемінде 85 адамның өмірін қиған зорлық-зомбылық әрекеттерінен кейін Бакиев Қырғызстанды тастап, алдымен Қазақстанға, кейін Беларуске ұшып кеткен болатын. Сәуірдің 7-дегі толқулар барысында үкімет күштері Бакиевтің билігіне наразылық танытушыларға оқ атқан еді.

Осыдан кейін елде құрылған уақытша биліктегі премьер-министрдің орынбасары Әзімбек Бекназаровтың мәлімдеуінше, Бакиевке сондай-ақ қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Сейсенбі күні баспасөз маслихатын өткізген Бекназаров Бакиев президенттік иммунитетінен айырылады деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Бакиевті экстрадициялау өтініші бірнеше күннің ішінде Минскіге жіберіледі.