Ауғанстан моджахедтердің жеңісін атап өтті

Ауғанстан бүгін моджахедтердің 1992 жылғы жеңісін еске алды. Осыдан 18 жыл бұрын моджахедтер Совет үкіметін қолдаған билікті құлатқан болатын. Әскери және ресми өкілдер, сондай-ақ бұрынғы моджахед басшылары Кабулдағы стадионда жиналып, әлгі оқиғаны атап өтті. Президент Хамид Карзай Бутандағы конференцияға қатысып жатқандықтан сәрсенбі күнгі шараға қатыспады.