Пентагон: ауғандардың көбісі Х.Карзайға теріс қарайды

АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Ауғанстанның ең маңызды деген өлкелеріндегі тұрғындардың ¼ ғана президент Хамид Карзайдың үкіметін қолдайды. Пентагонның Конгреске тапсырған баяндамасында ауған үкіметінің жемқорлыққа қарсы күресу туралы мәлімдемелерінің күмән туғызатыны айтылады.

Бұл баяндама президент Х.Карзайдың Вашингтонға 10-14 мамырға белгіленген сапары қарсаңында тапсырылды.

АҚШ президенті Барак Обамамен келіссөзі кезінде Хамид Карзай Ауғанстанға қосымша 30 мың американ жауынгерін жөнелтуге жұмсалған шығынның тиімді болғанына сендіруге тырысып бағатын тәрізді.