Грекияға төтенше көмек көрсету мәселесі шешіліп қалды

Испанияда жұмыссыздықтың деңгейі биылдың бірінші тоқсанында 20 пайыздан асты. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 1 пайыздан да жоғары. Оның алдында ғана Standard&Poors халықаралық агенттігі Испанияның инвестициялық рейтингісін төмендеткен болатын.

Жұма күні Еуропа Одағындағы әріптестер Грекияға қаржылай төтенше көмек көрсету құралын іске қосу жөніндегі келісімге келуге жақындады деген хабар шықты. Келіссөздің нәтижесі алдағы жексенбі күні жариялануға тиіс көрінеді.

Грекия мен Испанияның және Португалияның халдері Еуропа мен халықаралық қаржы институттарын және еуропалық саясаткерлер ерекше алаңдатып отыр.