Бағдадта дауыстар қайта саналып жатыр

Ирақ парламенттік сайлауларында Бағдадта берілген дауыстар қайта саналып жатыр. Дауыстардың қайта саналуын премьер-министр Нури әл-Малики талап еткен болатын. Бұдан бұрын жарияланған сайлау қорытындысына сәйкес, наурыздың 7-дегі дауыс берулерде бұрынғы премьер-министр Аяд Аллауидің партиясы Маликидің блогымен салыстырғанда көбірек дауысқа қол жеткізіп, парламенттегі қосымша тағы екі орынды иеленген.

Сайлау бойынша ресми өкілдердің айтуынша, дауыстардың қайта саналуы үш аптаға созылуы мүмкін.