Үндістанда Пәкістан азаматы айыпты деп танылды

Үндістан соты 2008 жылғы Мумбайдағы шабуылдарға қатысы бар деп күдіктелген пәкістандық азаматты айыпты деп таныды. Мухаммад Ажмал Касаб 166 адамның өмірін қиып, 300-ден аса адамды жаралаған шабуылдарды жүзеге асырған Пәкістандағы исламшыл "Лашкар-е-Таиба" экстремистік тобының мүшелерінің бірі деп айыпталып отыр.

Касаб өлім жазасына кесілуі мүмкін. Үкім сейсенбі күні шығарылмақ.