Медведев Сирияға бармақшы

Ресей президенті Дмитрий Медведев алдағы аптада Сирияға барады. Кремлдің хабарлауынша, Медведев Дамаскіге 10-11 мамырда сапар жасамақ. Бұл Ресей мемлекет басшысының Сирияға жасайын деп отырған алғашқы сапары болмақ.

Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселелері бойынша халықаралық квартеттің мүшесі Ресей аймақтағы ықпалын күшейтуді көздеп отыр. Осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ Сирияға қарсы санкцияларды тағы бір жылға созған болатын. Вашингтон Дамаскіні лаңкестік топтарды қолдап, жаппай қырып жою қаруын жасамақшы деп айыптап отыр.