Еуропа басшылары еуроның тағдырына алаңдайды

Ауыр қаржы дағдарысынан зардап шеккен Грекияда бюджет шығындарын қысқартуға қарсы наразылық толқыны көтерілген соң Еуропа елдерінің басшылары еуро валютасының тағдырына алаңдайтындарын мәлімдеді. Афинадағы қақтығыстардың салдарынан 3 адам қаза болған-ды.

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропаның ортақ валютасы өзінің 11 жылдық тарихындағы ең ауыр дағдарысқа ұрынды деп мәлімдеді.

Финляндия премьер-министрі Матти Ванханен Грекияға миллиардтаған еуролық көмектің көрсетілуі қаржы дағдарысының еуро аумағына жайылуын тоқтата алмауы да мүмкін екенін мойындады.

Франция премьер-министрі Франсуа Фйион еуро қаржылық алаяқтықтың нысанына айналды деп мәлімдеді.