Феликс Кулов сайлауға қатысады

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі, "Ар намыс" партиясының жетекшісі Феликс Кулов, Қырғызстанда осы жылдың қазан айында өтеді деп жоспарланған парламенттік сайлауға қатысады.

Одан өзге, Кулов президенттің өкілеттілігін шектеп, үкімет пен парламенттің билігін күшейтуді қолдайтындығын мәлімдеді.