Польшадағы президент сайлауына 10 үміткер түседі

Польшада президент сайлауында дауысқа түсу үшін 10 үміткер тіркелді. Барлығы да тіркелуге қажетті 100 мың қол жинап тапсырды. Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, қаза тапқан поляк президенті Лех Качинскийдің егіз туған сыңары – Ярослав бәрінен де көп – 1.7 миллион дауыс жинады.

Президенттің міндетін уақытша атқарушы Бронислав Коморовскийдің сайлау штабының бастығы Славомир Новак өзінің бәсекелесін көп қол жинауымен құттықтады. Сауалнамаға қарағанда, президент сайлауының қарсаңында Коморовский алда келеді. Бірақ оның штабы 2 есе кем – 770 мың қол жинады.

Польшадағы президент сайлауы 20 маусымда өтеді. Качинский мен Коморовскийден басқа солшыл күштердің үміткері Гжегож Наперальский 10 пайыздан астам дауыс жинауы мүмкін.