Ресейде «Распадская» шахтасында ірі жарылыс болды

Ресейдің Кемеров облысындағы «Распадская» шахтасындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 43-ке жетті.

Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, 47 кеншінің тағдыры әзірге белгісіз.

9 мамырда Междуреченск қаласындағы шахта жарылған еді. 19 құтқарушы шахтаға түсіп бара жатқанда тағы бір жарылыс тіркелген. Құтқарушылардың бәрі қайтыс болды.