Медведев Түркия басшылығымен кездеседі

Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Түркия жетекшілерімен кездеседі. Келіссөздерде Түркияда алғашқы атом электр санциясын салу мүмкіндігіне Ресейдің қатысуы мәселесі талқыланбақшы. Медведев президент Абдулла Гүлмен кездесіп, премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Ресей-Түркия ынтымақтастығы кеңесінің отырысына төрағалық ететін болады.

Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, Түркия мен Ресей 20-дан астам келісімге қол қояды.

Медведев Түркияға сейсенбі күні Сириядан кейін барған болатын.