Ресей Түркияда атом станциясын салмақ

Ресей мен Түркияның қол қойған келісім негізінде Мәскеу Анкараға елдегі алғашқы атом электростанциясын салуға көмектеседі. Түркия жағалауында атом электростанциясын салу құқына Ресей тендерсіз қол жеткізді.

Жоба құны - 20 миллиард доллар. Келісімге 12 мамыр күні Ресей президенті Дмитрий Медведев мен Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоган қол қойды.