Таиланд қарулы күштері шерушілерге оқ атты

Таиланд қарулы күштері Бангкоктағы наразылық танытушыларға қарсы оқ, көзден жас ағызатын газ атты. Жарақат алғандар туралы мәлімет әзірше келіп түспеді.

Наурыздың 12-сінде Таиланд астанасында басталған үкіметке қарсы наразылық шаралары барысында 30-ға жуық адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Шерушілердің айтуынша премьер-министр Абхисит Ветчатчиваның коалициялық үкіметі билікке заңсыз келген. Наразылық танытушылар парламенттің таратылуын талап етіп, жаңа сайлау өткізуге шақырып отыр.