Бразилия мен Ресей сауданы дамытпақшы

Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва Ресеймен сауда және инвестицияны дамыту жөніндегі келіссөздер өткізу үшін Мәскеуге барды.

Ресей жетекшілерімен келіссөздерінде Лула Иран мәселесін талқыламақшы. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 мемлекеттің бірі Бразилия Иранның даулы ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені келіссөз арқылы шешуге шақырған болатын.

Бразилия президенті Мәскеуден кейін Теһранға аттанады.