Түркия мен Грекия 21 келісімге қол қойды

Грекия мен Түркия арадағы шиеленісе түскен қарым-қатынастарды жақсартуға келісті. Соңғы 50 жылдың ішінде бұл екі ел бірнеше рет соғыс бастамақшы болған. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Афиныға 10 министр мен 80-ге жуық кәсіпкерді алып барды. Бұл қадамды екі жақ өзара қарым-қатынастарындағы жаңа дәуір деп сипаттады.

Түркия мен Грекия туризм, энергетика, экология салаларына қатысты 21 келісімге қол қойды. Бұған қоса екі ел қорғаныс саласындағы шығындарды қысқарту мәселесін талқылады.