Таиландтағы қақтығыста 16 адам қаза болды

Таиланд астанасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен үкіметке қарсы наразылық танытушылар арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр. Бангкоктағы атыстан 16 адам қаза тапты. 

Шерушілердің айтуынша, премьер-министр Абхисит Ветчатчиваның коалициялық үкіметі билікке заңсыз келген. Наразылық танытушылар парламенттің таратылуын талап етіп, жаңа сайлау өткізуге шақырып отыр.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Бангкок көшелеріндегі қақтығысты тоқтатуға шақырды.