Бүгін Жалал-Абадта - аза тұту күні

Дүйсенбі, мамырдың 17 күні Жалал-Абад облысы бойынша аза тұту күні жарияланды. Бұл туралы облыс губернаторы міндетін атқарушы Бектур Асанов мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл ақпараты бойынша, 14 мамыр күні Жалал-Абадта уақытша үкіметті жақтаушылар мен бакиевшілер арасында қақтығыс болып, Жакшылык Козуев және Бердибек Урамаев есімді азаматтарға оқ тиіп мерт болды. Түрлі жарақат алаған 59 адам ауруханада жатыр.