Қытайда су тасқынынан жүзге тарта адам қаза болды

Қытайдың оңтүстігінде нөсер жауыннан пайда болған су тасқынынан кем дегенде 86 адам қаза болып, тағы 16 адам хабарсыз кетті.

Қытай билігінің ақпараты бойынша оншақты провинцияның 275 мың тұрғыны қауіпсіз аймақтарға көшірілген.

Синоптиктер "Қытайдың оңтүстігіндегі жаңбыр әлі үш күнге созылады" деп болжап отыр.