Теһран уранды Түркияда байытуға дайын

Иран аз байытылған уранның 1 200 килограмын Түркияға ғылыми мақсатта пайдалану үшін байытуға жіберуге дайын.   

Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Рамин Мехманпарасттың сөзінше, тиісті келісімге Теһранда Бразилия президенті Лула да Сильва, Түркия премьер-министрі Режеп Эрдоған және Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың өзара келіссөздерінен кейін қол қойылады.