Суданда гуманитарлық ұйым қызметкерлері ұрланды

"Суданның батысындағы Дарфур провинциясында гуманитарлық ұйымдардың бірінің үш қызметкерін ұрлап алып кетті", - деп хабарлады сейсенбі күні ел астанасы Хартумдегі БҰҰ өкілі. 

Оның сөзінше, ұрланған екі азамат - судандық, үшіншісі - шетелдік. Оның қай ел азаматы екендігі айтылмай отыр. Үшеуін де белгісіз әскери топ Ньяла қаласының маңында ұстап әкеткен.  

Сәуір айында Дарфурда төрт әскери жауынгер ұрланып, кейін босатылған еді.