Баграм базасындағы қақтығыста 7 бүлікшінің көзі жойылды

НАТО-ның хабарлауынша, бүгін Кабулдың солтүстігіндегі Баграм әуе базасына шабуыл барысында кемінде 7 бүлікшінің көзі жойылған. Қақтығыста аз дегенде 5 шетел сарбазы жарақат алған. 

Осыдан бір күн бұрын Кабулда НАТО көлігіне жасалған жанкештілік шабуылдан ауғандық 12 қарапайым  азамат пен 6 шетелдік сарбаз қаза тапқан болатын. Сейсенбі және сәрсенбі күнгі шабуылдарға байланысты жауапкершілікті "Талибан" бүлікшілері өз мойнына алды.