Қырғызстан Қазақстанға ағатын суды жауып тастады

Қырғызстандағы Киров су қоймасынан Қазақстанның Жамбыл облысына су ақпай жатыр. Мемлекеттің «Тараз су шаруашылығы» кәсіп орнының директоры Ілияс Қазыкеевтің мәліметінше, сейсенбі күні кешке суды қырғыз жағы ескертусіз жауып тастаған. Тараздағы Талас өзенінің гидро-орабында 10-11 текше метр су қалды дейді Қазыкеев. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады.