Қырғызстан: жаңа Ата заңның жобасы жарияланды

Қырғызстанның уақытша үкіметі жаңа Конституциясы жобасының мәтінін жариялады.

Ата заңның жобасында, мысалы, Қырғызстан «зайырлы мемлекет» болып қала береді. Сонымен қатар жобада мемлекет басшысы 6 жыл мерзімге сайланатыны және 1 адамның бір-ақ рет президент болып сайлана алатынын жазылған.

Оның өзінде де жауапкершіліктен толығымен босатылмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Орыс тілі ресми тіл мәртебесін сақтайды.

Конституция жобасы 27 маусымда өтетін референдумда дауысқа салынады.