Бішкек: Роза Отынбаева партиядан шықты

Жұма күні Қырғызстанның уақытша үкіметінің төрайымы әрі өтпелі кезең президентінің құзыры берілген Роза Отынбаева Социал-демократиялық партиядан шықты.

Жаңа билік қабылдаған шешімге сәйкес, өтпелі кезеңнің президенті саяси партияның құрамында бола алмайды.

Р.Отынбаева – Социал-демократиялық партияның парламенттегі фракциясын басқарды. Ол 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін президент құзырын атқарады.

Конституцияның жаңа жобасы бойынша 27 маусымда өтетін референдумға Отынбаеваға сенім білдіру мәселесі де қойылды.