Түркияда Сомалиге қатысты халықаралық конференция ашылды

Бүгін Стамбулда Сомалидегі жағдайға қатысты халықаралық конференция басталып отыр. Оған БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун қатысады.

Жиынның басты мақсаты 20 жылдан астам уақыттан бері азаматтық соғыс болып жатқан Сомалиде бейбітшілік орнатуға көмектесу болмақ. Бұған қоса конференцияда Сомали жағалауындағы қарақшылық проблемасы талқыланады.