Эфиопияда парламент сайлауы өтті

Бүгін Эфиопияда өткен парламенттік сайлаудың алдын-ала қорытындысы шығуы тиіс. 

Жексенбі күні өткен сайлаудан кейін оппозиция өкілдері көптеген сайлаушыларға сес көрсетілгендіктен, ел премьер-министр партиясын қолдауға мәжбүр болғандығын мәлімдеді. 

Премьер-министр Мелес Зенави билікте 20 жылға жуық отыр. 

Ол оппозицияның барлық айыптауларын жоққа шығарып, өз қызметінде тағы да отыруға ниеті бар екендігін мәлімдеді.