Қазақстанда Қытайдан келген радиоактивті жүк ұсталды

Шығыс Қазақстандағы "Бахты" бекетінде тексеру барысында радиоактивті жүк табылды деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі. Радиоактивті жүк тиелген көлік Қытайдан Қазақстандағы бір кәсіпорынға бара жатқан болған. Жүк Қытайға қайтарылды.