Батыс Қазақстанда қырылған киіктер 12 мыңға жетті

Сәрсенбі күні Оралда өткізген баспасөз-маслихатында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Серік Иманқұлов 40-50 шақырымдық аумақтан - елуі не артық не кем – 12 мың киіктің өлігі табылғанын мәлімдеді.

Жануарлардың жұқпалы пастреллеза дертінен қырылғанын С.Иманқұлов та растады. Оның айтуынша, қырылған жануарлардың көпшілігі ұрғашылары көрінеді.

Киіктердің жаппай қырылғаны туралы алғашқы хабар 20 мамырда шықты.

Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі киіктердің жалпы саны 2009 жылы 81 мың болған болса, оның 26,6 мыңы Батыс Қазақстан облысын мекендеген.