Жұма – Ресейдің Ставрополінде қаралы күн

Ставрополь ауруханасына сәрсенбінің кешінде қала орталығында болған жарылыстан зардап шеккен 44 адам жеткізілді. 16-сының халі өте ауыр. Қаза тапқандардың саны 7-ге жетті, оның ішінде 12 жасар қыз бала бар.

Жарылыс террористік әрекет деп бағаланды. Ресей прокуратурасының тергеу комитеті жарылысқа қатысты «террорлық әрекет» бабынан өзге – «екі және одан көп кісіні өлтіру» және «жарылғыш заттың заңсыз айналымы» сынды екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жарылыс қалалық мәдениет үйінің жанында чешен би ансамблі концертінің басталуы алдында болған.