Ауғанстанда канадалық қолбасшы қызметінен алынды

Ауғанстандағы Канада күштерінің басшысы Дэниел Менард қызметінен босатылды. Ол қабылдауға келмейтін қарым-қатынас жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы канадалық полковник Саймон Хетерингтон хабарлады. Оның айтуынша, Менардтың қызметінен босатылуы Канаданың Ауғанстандағы операцияларына әсер етпейді.