Түркия премьері Аргентинаға бармайтын болды

Аргентина билігі Түркияның негізін қалаған Мустафа Кемал Ататүркке ескерткіш орнату жоспарын жүзеге асырмайтын болған соң   
Түркия премьер-министрі Аргентинаға жоспарланған сапарын тоқтатты. Аргентина билігінің шешіміне этникалық армяндардың  қысымы әсер еткен болуы мүмкін делінеді. 

Режеп Тайып Ердоған мамырдың 31-де Аргентина президенті Кристина Киршнермен кездесуі тиіс болатын.