Роланд Гаррос: Шведова ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Францияның ашық біріншілігінде ширек финалда өнер көрсетеді. Үлкен Шлем турнирінің төртінші айналымында Шведова австралиялық Ярмила Гротты 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

22 жасар Шведова жартылай финалға берілетін жолдаманың бірін Елена Янковичпен бірге сарапқа салады. Серб теннисшісі жарыстың төртінші айналымында словакиялық Даниэла Гантуховадан басым түсті.