Алматыда IV Қазақстандық инвестициялық саммит ашылды

Бүгін Алматыда IV Қазақстандық инвестициялық саммит ашылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп ашқан саммиттің барысында, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші компаниялардың өкілдері мен инвесторларға Қазақстанға инвестиция аударудың перспективасы мен тәуекелдері таныстырылады.

Саммит Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр. Шараға сондай-ақ ел үкіметінің мүшелері мен халықаралық жетекші компаниялардың өкілдері қатысады.