Бейжің Роберт Гейтстің сапарын кейінге ысырды

АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстің Бейжіңге баратын сапары неліктен кейінге ысырылғанын Қытай билігі еш түсіндірмеді. Өткен сәрсенбі күні Гейтс Азия мен Еуропаның бірнеше еліне сапарға аттанған болатын. Алайда ресми Бейжің сапардың уақытын «қолайсыз» деп атады.

Бейсенбі күні Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдегендей, әскери саладағы байланысты Бейжің маңызды деп санайды, бірақ дәл қазір ешқандай арнайы әзірлік болған жоқ.

Сонымен бірге Қытай қорғаныс министрлігі Гейтстің Бейжіңге сапарының кейінге қалдырылуына байланысты түсініктеме беруден жалтарды.