Қырғыз полициясы шерушілерге оқ атты деген күдікпен 15 мергенді ұстады

Қырғызстан полициясы сәуір айында наразылық танытушыларға оқ атты деген күдікпен 15 мергенді тұтқындады деп хабарлайды уақытша үкімет басшысының орынбасары Әзімбек Бекназаров.

7 сәуірде Бішкектегі қақтығыстарда 90-ға жуық адам қаза болып, мыңнан аса адам жарақат алды.

Бекназаровтың айтуынша, мергендерге қатысты тергеу ісі жалғасып жатыр.